Әлеуметтік педагогтің І жарты жылдық есебі » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2022

Әлеуметтік педагогтің І жарты жылдық есебі

     Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы бойынша әр сыныптан әлеуметтік картасы жасалынған. Әлеуметтік карта бойынша әр сыныптың қанша көпбалалы отбасы, аз қамтылған отбасы, толық емес отбасылары, мүгедек ата-аналар анықталып отырады. Сыныптар бойынша оқушылардың әлеуметтік паспорты жасалынып ата-анасының білімі, жұмыс орны, мекен жайлары және отбасының құрамы, әлеуметтік мәртебесі анықталды.  

     Мектеп бойынша қыркүйек, қазан айларында қоғамдық инспектор, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілер бірігіп атаулы әлеуметтік көмек алатын және күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасыларының үй тұрмыс жағдайлары тексеріліп акт толтырылды.

     Мектептің қамқоршылық кеңесінде қиын жағдайға тап болған оқушыларды   Мұратұлы Еркеғали 7 «б» сыныбы және Асылбекова Аружан 7 «ә» сыныбы оқушылары бірінің шешесі ішімдікке әуес, екіншісінің өгей әкесінің ерсі қылықтарының әсерін ескере отырып  сәтсіз ата-ана ықпалынан ажырату мақсатында осы оқушыларды Бақанас мектеп-интернатына орналастыру туралы шешім шығарылды.

Б.Бейсекбаев мектеп-гимназиясында атаулы әлеуметтік көмек алатын 14 отбасының мектеп қабырғасында оқыитын 32 бала тіркелген . Жалпы 14 отбасының 56 баласы бар оның 16-і мектепке дейінгі 8-і мектеп бітіріп кеткен.       Үйде оқылатын балалар тізімі Дидарұлы Дильдар 1 «б», Ясымбек Нұрәлі 2»б», Әлім Әділжан 5»б», Жайлаухан Айжан 7 «б» Б. Бейсекбаев мектеп-гимназиясының 2021 жылғы 9 қыркүйектегі №01-17/73,74,75, бұйрығы дәрігерлік консультациялық комиссиясының қортындысына сәйкес жалпы бағдарламамен үйде оқытылады. 2021-2022 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қорынан «Гаухар» тігін фабрикасы арқылы 375 000 теңгеге аз қамтылған отбасы балаларына   (15 бала) күртеше және сумка, мектеп құрал- жабдықтары сатып берілді. 

     Мектеп асханасында « жалпыға бірдей білім беру қорынан» бөлінген қаражатқа 46 оқушыға аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына  және асхана есебінен 35  әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  Районо тарапынан 100 000 теңгеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Әділханов Досжанға 5 «б» сыныбы оқушысына қыстық киімдер, олимпика, красовка, қыстық етік, шапка т.б заттар алып берілді. Сонымен бірге үйде оқитын мүгедек 4 балаға жаңа жылдық силықтар пакеті табыс етілді.  Аз қамтылған отбасының 7 баласына да жаңа жылдық силық пакеттері берілді.

Әлеуметтік педагог: Сарыбаев С.К.