Оқуға құштар мектеп жобасы » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2022

Оқуға құштар мектеп жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. 
Мақсаты: оқу мәртебесін арттыру, оқу іс-әрекеті және оқу сапасын арттыру, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру. Көрме - оқырмандарға қосымша білім алуға, ұсынылған тақырыпқа қызығушылықты қалыптастыруға және кеңейтуге мүмкіндік беретін әдебиетті көрнекі насихаттаудың негізгі әдістерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай: «Оқу- дүниетаным туралы ой-өрісті кеңейтуге көмектеседі, сыни ойлауды дамытады6 білімді, шығарма кейіпкерлерінде болатын мінез-құлық үлгілерін сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді.Мұның бәрін бала кезінен бастау керек. Сол кезде әдебиетке деген сүйіспеншілік адамның бүкіл өмірінде болады ».