"Жылдың Үздік мұғалімі" байқауының жеңімпазы » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жылдың Үздік мұғалімі" байқауының жеңімпазы
01
апрель
2022

"Жылдың Үздік мұғалімі" байқауының жеңімпазы

     
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен М.Сеңгірбаев атындағы орта мектепте "Жылдың Үздік мұғалімі" байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, 
парасатты өзіндік  авторлық  жаңашыл  идеясы  бар,  ғылыми-әдістемелік    шеберлігі  зор, педагогикалық  мәдениеті  жоғары,  жан-жақты  дамыған  мұғалім  мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.  Байқау нәтижесінде Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Буркутов Жасұлан Советович  бас жүлде иегері атанды. 
Жасұлан Советович біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз!