«ХХІ - ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты тақырыбында өткен апталық есебі » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ХХІ - ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты тақырыбында өткен апталық есебі
19
ноябрь
2021

«ХХІ - ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты тақырыбында өткен апталық есебі

Елбасымыз «ХХІ  - ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты -    пәндік апталық.

Тақырыбы:« XXI  - ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»

Білімді болу деген – жаңалық ашуға   «қабілетті болу»

                                                                (Әл – Фараби)

Мақсаты:

  • оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту;
  • логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;
  • білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже: 

Болашақ өмірде білімнің қажеттілігін түсінеді. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады. Жүйелі білім қалыптасады.                                

МИФ апталығының ашылуы   күні 12.11.21 ж онлайн режимінде басталды. Апталықтың ашылуы әр сыныптың чатына жіберілді. Апталық екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде сыныптан тыс шарлар өткізілсе,екінші бөлімде ашық сабақтар ұйымдастырылды

1- бөлім « Математика- ғылымдардың патшасы, информатика –ақпараттар ғылымы,  физика- табиғаттың патшасы». 2-бөлім « Менің сабағым- менің кәсіби ізденісімнің жемісі» тақырыбында өткізілді.

   Бірінші күні  математика  пәнінің мұғалімі Достемесова Меруерт  «Керемет әлем » атты тақырыпта сыныптан тыс 7а сыныптар  арасында өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятты. Іс шара ойын сабақ ретінде, бес кезеңнен ұйымдастырылған. Оқушылар түгел дерлік қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақ қойып, шығармашылық қабілеттері шыңдалды. Меруерт сонымен қатар, штаттық режимінде 7 «А» сыныбына «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ жоспары оқу мақсатына сай жасалған,тапсырмаларда ,сабақта қолданған әдіс тәсілдерде сабақ мақсатын ашады. 


Информатика пәнінің мұғалімі Мырзагулова Үміт  10  «Б» сыныбына «Жақсы дизайн принципі» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақтың тапсырмалары оқу мақсатына сай етіп алынған.Сабақ барысында мұғалім өз мақсатына жетті. Сабақ өте қызықты өтті.


Физика пәнінен Орынбетова Айгерім 10  «А» сыныпқа «МКТ- ның негізгі теңдеулеріне практикалық жұмыс» атты ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар тест тапсырмасын тапсырды.  Мұғалім сабақтың басында оқушыларды сергітіп алды. Ортасында зертханалық жұмыс және деңгейлік есептер берілді. Оқушылар белсене қатысты. Жалпы  ашық сабақ өз деңгейінде өтті.


6 «В» сыныбында информатика пәнінің мұғалімі Халықова Альмира «Создаем заставку» тақырыбында   сабақ берді. Альмира сабақта оқушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы бағалап, онлайн қатысып отырған мұғалімдерге бағалаудың әдіс- тәсілдерін үйрете білді.

   «Жай бөлшектерді қосу және азайту»атты ашық  сабақ  қызықты өтті,өйткені қатысып отырған оқушылар өздерінің ойларын, бүкпей,жасырмай ортаға салды. Оқушылардың бойында өзіне сенімділік,батылдық қасиеттер орын алғаны,олардың сұрақтарға жауап бергенінен көруге болады.

4«Б» сыныбында информатикадан Мырзағұлова Ү «ақпарат жұмбақтар» тақырыбында сабақ өткізіп, АКТ ны кеңінен қолданды, оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, белсенділікке  жұмылдыра білді.Сұрақтарға өте белсене жауап берді.

Апталық кезінде жоспарға сай шаралар кейбіреулері болмаса барлығы дерлік өткізілді. Өтілген сабақтардың барлығы талданып, кемшіліктер мен ұсыныстар дер кезінде айтылды.


Апталық соңында сыныптан тыс жұмыстарға қатысқан оқушылар мен сыныптарды марапаттап, алғыс айтылды.Ребус, сөзжұмбақ шешкен балалар сыйлықтармен марапатталды.


Ұсыныстар: 

1.Әруақытта уақытты тиімді пайдалану керек;

2. Күнделікті сабақта жаңартылған білім бағдарламасының әдіс- тәсілдерін қолдану;

3.Сабақта дескриптор арқылы,  қалыптастырушы бағалау арқылы бағалауды үнемі қолдану,

5. Деңгейлік тапсырмалар мен жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар беруді қалыптастыру.



Бірлестік жетекшісі:                  Орынбетова А.С