10 «Б» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2022

10 «Б» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттамасы  № 3

14.01.2022 ж

Қатысқаны – 14

Қатыспағаны –0

 Күн тәртібінде:

1.3-тоқсанның  ұйымдық басталуы туралы. 

2.Әртүрлі мәселелер

WhatsAPP мессенджерімен онлайн форматта

Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Мырзагулова Уміт ҚР Білім және ғылым министрлігінің 06.01.2022 ж. №3 «Білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен таныстырды, яғни жалпы білім беретін мектептердегі қысқы каникул 2022 жылдың 16 қаңтарға дейін ұзартылып, 2022 жылы 17 қаңтар үшінші тоқсанның бірінші күні болып анықталғаны айтылды. Еліміздегі эпид ахуалға байланысты қалалық жерлер қызыл аймаққа өтіп, оқушылар онлайн форматта көшіріліп отыр. Біздің ауданымыз қалыпты жағдайда, бірақ интернет желісінің қосылуы тұрақты емес екендігі айтылды. Осы орайда ата-аналардан балаларын қандай форматта оқытылатыны жөнінде сұралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ата-ана Сыдықова Гүлмария: Онлайн оқытуда қажетті техниканың болмауы, кейбіреулерінде интернет байланысы да жоқ болуы  мүмкіндігі жайлы айтты, 3-тоқсан оффлайн оқытылғанын қалады. Барлық ата-аналар Сыдықова Гүлмарияның пікірімен келісті. Сонымен қатар, сынып жетекші мектептің тәртібін сақтауды ескертті. Оқушылардың сабаққа кешікпей келуі, мектеп формасы, санитарлық талаптарды ұстауын, түнгі жүрістерді, оқулықтарын ұқыпты ұстауын, сабаққа даярлығын т.б ата-аналар бақылауында болуы айтылды.

      Ата-аналар жиналысының шешімі:

1. 3 тоқсан штаттық режимде , оффлайн форматта басталсын.

2.Ата-аналар коменданттық сағат кезінде және басқа уақытта балалардың кешкі мезгілде көшеде жүрмеуін қатаң бақылауға алынсын.


Сынып жетекшісі:                        Мырзагулова У.Т.

Ата-аналар төрайымы:                   Қонақбаева Г.