Ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудағы нақты қадамдар
Парламент Мәжілісінде еліміздің жаңа Премьер-Министрі тағайындалды, Үкімет құрамы жаңартылды. Мемлекет басшысы, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік- экономикалық саладағы мәселелерді шешу бойынша нақты міндеттер қойды.
Елімізде болып жатқан қайғылы жағдай бізді де бей жай қалдырмады. Президент саяси және әлеуметтік- экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша жасаған өз баяндамасында білім саласына қатысты нақты мақсаттар мен міндеттерге де тоқталды. Нақты жоспарлар белгіленіп, жүзеге асыруға жағдайлар жасалынып отырғанда, біз білім беру саласының қызметкерлері сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек ету ұрпақ алдындағы парызымыз деп білеміз. Мемлекет басшысының еліміздегі жағдайды тұрақтандыру, экономиканы қалпына келтіруге арналған шараларын толықтай қолдаймыз. Келешек күнге сенім мол. Еліміздің тарихының тағы бір кезеңі басталды….
Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия ұжымы