Сабақты зерттеу » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматинская область білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Версия для
слабовидящих
10
декабрь
2021

Сабақты зерттеу

Сабақты зерттеуде   шығармашылық  тобында  бірлесе   жұмыс  жасай  отырып   жоспарлаған 8 «а» сыныбындағы   өткен  зерттеу сабағына  талдау .Бұл сыныпта жүргізілетін зерттеу жұмысы барысында шығармашылық топ құрылды.Қазақ тілі пәні мұғалімі  Н.Р, Орыс тілі пәні мұғалімі  Қ.К , Қазақстан тарихы пәні мұғалімі  Д.А. Қазан айында құрылған  шығармашылық топ алдында проблеманы  айқындау, сыныпты таңдау,деректер жинау,зерттеу сұрағын айқындау тұрды.  8 «а» сыныбын таңдап алғаннан соң  Пит Дадлдың әдісімен жүргіземіз деп, бір тоқтамға келдік.Бұл жерде айта кететін жайт,сыныптағы А,В,С деңгейіндегі үш оқушымен   қатар,әдістің   тиімділігін сыныпта толығымен бақылау.Зерттеу сұрағы: «Сабақ барысында тиімді сұрақ қою әдісі оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға   қалай  көмектеседі?»  алынды.