«Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы МДШО» МКМ-нің ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматинская область білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы МДШО» МКМ-нің ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
01
сентябрь
2021

«Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы МДШО» МКМ-нің ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

«БЕКІТЕМІН»

  «Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-

гимназиясы МДШО»МКМ

   директоры_________Ж.Алимбаева

«___»_____________2020ж


«Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы МДШО» МКМ-нің

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

     Бұл ереже «Білім туралы» Заңы, Жарғы және басқа да азаматтық қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық құжаттар негізінде құрылған.

КІРІСПЕ

1. Берілген ережелер Заңға сай, мектеп-гимназия  Жарғысы және білім саласындағы өкілетті ұйымдардың  бұйрықтары негізінде құрастырылған.

2. Нақты ережелер оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар арасындағы тәртіпті реттейді, сонымен қатар олардың арасындағы қарым-қатынастың жалпы міндеттерін жүктейді.

3. Негізгі ережелердің мақсаты: а) Оқу ісін, жұмыс тәртібін ұйымдастыруды жалпы әдістемемен қамтамасыз ету. б) Сабақты дұрыс және ұтымды ұйымдастыру. 

с) Жаңадан келген оқушылар үшін оқу ісін ұйымдастыру туралы мәлімет беру.

4. Берілген ережелер мектеп-гимназияның  барлық оқушыларына, ата-аналарына, ұстаздарына қатысты.

5. Ішкі ережелердің тәртібі 4 тараудан тұрады.

1- тарау. Оқу процесіне қатысушыларға арналған бірыңғай ережелер, мәдени тәртіпке қойылатын жалпы талаптар көрсетілген.

2- тарау. Мектеп-гимназия  оқушылары үшін ережелер көрсетіледі.

3- тарау. Мектеп-гимназия  оқушыларының ата-аналары үшін ережелер белгіленеді.

4- тарау. Мектеп-гимназияның  педагогикалық ұжымы үшін ережелер берілген.

6. Осы баяндалған ережелерге байланысты келіспеушіліктер, сонымен қатар оқушылармен, ұстаздармен және ата-аналармен талас сұрақтар туындаса, мектеп директоры өзі жекелей шешеді немесе әкімшілік кеңесте шешім қабылданады.

7. Берілген ережелер оқушыларға және олардың ата-аналарына сынып сағаттары және ата-аналар жиналысы арқылы жеткізіледі.

8. Ережелер мектепте сақталады, мектеп-гимназияның сайтында жарияланады және барлық оқушылар, ата-аналар, ұстаздар үшін қол жетімді.

Қысқаша сипаттама:

              1. Мекен-жайы: Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Алтынсарина улица   3

               а) телефондары: 8 (72773) 91-6-69

   б) электронды почта: beisecbaev80@mail.ru

              2. Типтік ғимарат, жобалық қуаттылығы 640 оқушы.

Жұмыс уақыты:

               1.  8.00 – 13.00,   14.00 – 19.00

               2.  Директордың орынбасарлары:

            - оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 8.00 – 13.00,   14.00 – 19.00.

            - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 8.00 – 13.00,    14.00 – 19.00.

            - шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары: 9.00 – 13.00,   14.00 – 18.00.

            - психолог: 9.00 – 13.00,   14.00 – 18.00.

            - медициналық қызметкерлер: 7.45 – 13.00, 14:00- 17:00.

            -  әлеуметтік  педагог: 9:00- 13:00, 14:00- 17:00

            - педагог ұйымдастырушы: 9:00- 13:00, 14:00- 17:00

            - Пән  мұғалімдері: кесте  бойынша.

І тарау. Жұмыс кестесі. Жалпы тәртіп. 

І. ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

1. Мектеп-гимназия  аптасына 5 күн оқу процесі жүргізіледі,сенбі күндері кештер, спорттық жарыстар мен әдістемелік, шығармашылық күн. Мектеп-гимназия екі ауысымда жұмыс жасайды.

2. Мектеп-гимназия  демалыстары Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сай жүргізіледі.

3. Сыныптардағы оқу процесі  25 мамырға дейін мектеп-гимназияның оқу ісі орынбасары құрастырған сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Расписание уроков директормен бекітіледі.

4. Мектеп-гимназия сабақтары 8.00-де басталады. Сабақ 40 минут жүргізіледі,үзілістер (5,10) минут. Тамақ ішу кезіндегі үзіліс 15   минут. 1-ші сабаққа 2 минут қалған уақытта ескерту қоңырауы соғылады.

Қоңырау кестесі:

 І-ауысым                                                  ІІ-ауысым           

 1-сабақ  8.00-8.40                               1-сабақ 14.00-14.40

 2-сабақ 8.45 -9.25                             2-сабақ 15.45-15.25

 3-сабақ  9.35 - 10.15                          3-сабақ 15.35-16.15

 4-сабақ 10.25-11.05                          4-сабақ 16.25-17.05

 5-сабақ 11.10-11.50                         5-сабақ 17.10-17.50

 6-сабақ 11.55-12.35                         6-сабақ 1755-18.35

 7-сабақ 12.40-13.20                       7-сабақ 18.40-19.30                                                                 

 8-сабақ  13.25-14.05

 5. Мектеп-гимназияда  ақысыз үйірмелер жұмыс жасайды.

6. Мектеп-гимназия сайтында мектептің  жұмысына бағыт беретін ақпараттар жарияланады: Мектеп-гимназияда қабылдау тәрібі, мектепішілік тәртіп ережелері, сабақ кестесі, мектеп-гимназияның байланыс құралдары.

ІІ. ЖАЛПЫ ТӘРТІП

1. Мектеп-гимназияны  түнгі күзетшіден кезекші әкімшілік ғимаратты 7.30-да қабылдап алып, ашады. Жауапты кезекші мұғалім мен кезекші оқушылар бірінші сабаққа 30 минут бұрын келеді. Кезекшілікті ұйымдастыру мектептегі кезекшілік туралы ережеге байланысты іске асырылады.

2. Мектеп-гимназияда оқушылар мен мұғалімдер сабаққа 10-20 минут қалғанда келеді.

3. Барлық оқушылар мен мұғалімдер сырт киімдерін және аяқ киімдерін гардеробта қалдырады, екінші аяқ киім (жеңіл бәтіңкелер, туфлилер, т.б.) болуы міндетті.

4. Оқушылардың өз киімдерін алу мүмкіндігін гардеробшы қамтамасыз етеді. Оқушылар киімдерін үзіліс кезінде, сабақтан кейін мұғалім немесе кезекші әкімшіліктің көмегімен ғана ала алады.

 5. Шешінетін орындарда ұрлыққа жол бермес үшін ақшалар және басқа да бағалы заттар қалдырылмайды. Жеке заттар жоғалған жағдайда ол туралы ізінше сынып жетекшісіне және мектеп-гимназия  әкімшілігіне хабарланады.

6.Сабақ уақытындағы үзілістер оқушылар мен мұғалімдердің демалуына, тамақтануына, келесі сабаққа дайындалуына және т.б. қолданылады. Үзіліс кезінде кезекші мұғалімдер және оқушылар өз орындарын тәртіппен , тазалықпен қамтамасыз етеді.

7.Оқушылар және мұғалімдер мектеп-гимназия  асханасы мен буфеттерде тамақтана алады 8.45-тен 14.00 дейін бірінші ауысым, 14. 45 –тен 17.25-ке дейін екінші ауысым.

 8.Оқушылар асханаға мұғаліммен бірге келеді, өздерін тәртіпті, әдепті ұстайды, шуламайды. Тамақты рәсуалауға және лақтыруға, сонымен қатар асханадан шығаруға тыйым салынады.

9. Асханада оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды, тәртіптерін қадағалауды, асханадағы кезекші және асханаға оқушыларды әкелген мұғалім іске асырады.

10. Оқу үрдісі кезінде бөтен адамдарға, ата-аналарға әкімшіліктің келісімінсіз мектеп-гимназияға кіруге рұқсат етілмейді. Мектеп-гимназияның  ғимараты және аумағына жіберу тәртібін бірінші посттағы кезекші іске асырады. Мектеп-гимназияда  шақырылған қонақтар, ата-аналар жайлы мектеп -гимназия әкімшілігі бірінші посттағы кезекшіге күні бұрын хабарлап отырады.

11.Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды гардеробқа шығарып салады. Мұғалім мектеп-гимназиядан шықпас бұрын терезелерді, крандарды тексереді, бөлмелер мен сараптама бөлмелерінің жарықтарын өшіреді

12.Мектеп-гимназияда  сабақтан кейін іс-шаларға, консультацияларға қатысатын оқушылар гардеробтан сыныптастырымен бірге өз киімдерін алуға міндетті. Осы ережелерді орындамаған жағдайда мектеп –гимназия әкімшілігі оқушының заттары үшін жауап бермейді.

13.Оқушылардың мектеп-гимназия  ғимаратынан шығуын кезекші мұғалім, әкімшілік және бірінші постағы кезекші ұйымдастырады.

14.Сабақтан тыс іс-шаралар жоспар бойынша өткізіледі. Мероприятиеды ұйымдастырушылар киім ілушімен (гардеробшымен) келісе отыра, іс-шараның өту орыны мен уақыты туралы кезекші әкімшілікке және бірінші посттағы кезекшіге хабарлайды. Сабақ уақытында және демалыс күндері іс-шараны ұйымдастырушылар оқушыларды мектептің  фойесінде күтіп алып, іс-шаралар өтетін орынға шығарып салады.

15.Келушілерді қабылдау. Ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер және де басқа да қызығушылық танытқан адамдармен кездесуді реттеу мақсатында мектеп –гимназия директоры және әкімшілік кеңесінің мүшелерімен қабылдау кестесі бекітіледі. Қабылдау кестесі хабарлама тақталарына ілінеді, мектеп-гимназияның  сайтында жарияланады. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп-гимназияның 1-постында барлық келушілерге тіркеу жүргізіледі.Келуші өзін таныстырып, жеке куәлігін немесе паспортын ұсынуға міндетті. Кімге және қайда баратыны көрсетіліп түбіртек беріледі, кіретін уақыты көрсетіледі. Келуші сөмкесіндегі заттарын тексертіп, сырт киімін шешуі қажет. Келушіні қабылдаған әкімшілік келуші түбіртегіне қол қойып, шыққан мерзімін көрсетуі қажет. Түбіртек кезекшіліктегі міндетті лауазымдық адамға тапсырылып, келушінің жеке куәлігі немесе паспорты қайтарылады. 

16.Мектеп-гимназияда  ата-аналар жиналысы әкімшілік бекіткен кесте бойынша өткізіледі. Жоспардан тыс іс-шаралар туралы сынып жетекшісі немесе пән мұғалімі кезекші әкімшілікке бір күн бұрын хабарлауға тиіс.

17. 20.00-ден 07.30-ға дейін  мектеп-гимназия  ғимараты және оның ауласы күзетшінің бақылауында болады.

18.Мектеп-гимназияның  және оқушылардың аттестаттаудан өту кезеңінде келушілерді қабылдау шектеледі (жеке сұрақтар бойынша келушілер алдын ала хабарласады).Директордың ішкі бұйрығы шығарылады.

19. Қатаң есептегі құжатттарды беру және қатаң есептегі құжаттарды толтыру кезінде кеңседе және директордың қабылдау бөлмесінде өткізу режімі қатаң есептегі құжаттарды толтыру, тексеру сұрағына байланысты күшейтіледі.

ІІІ. ТӘРТІПТІҢ БІРЫҢҒАЙ НОРМАЛАРЫ

1. Мектеп-гимназияда оқушылар мен қызметкерлердің психологиялық және физикалық қауіпсіздігін, денсаулығын сақтауды мектеп қызметкерлері қамтамасыз етеді.

2. Мектеп-гимназия оқушылары, мұғалімдері, келушілер жалпы тәртіп ережелеріне сай өзара әдепті қарым-қатынаста болады.

 3.Бір-біріне физикалық және моральды түрде күш көрсетуге тыйым салынады және жазаланады. Жәбірленген оқушы мектеп-гимназияның кез-келген қызметкерінен көмек сұрауына , ал жәбірленген қызметкер мектеп әкімшілігінен көмек алуына құқылы.

 4.Оқушы басқа оқушыға күш көрсетіліп жатқанын көрген жағдайда, өзі араласпай ізінше мектеп-гимназия  қызметкерлеріне хабарлауға тиіс. Мұғалім, қызметкер болған жағдайға көңіл аударып, ізінше құқық қорғау құрылымдарының қызметшілерін шақыртуға міндетті. 

5.Мектеп-гимназияда  мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға тыйым салынады: а). Қоршаған орта үшін қауіпті жағдай тудыратын кез-келген іс-әрекет жасау; ә). Қарым-қатынасты анықтау үшін қорқыту, ақша талап ету; б). Суық қару, шприцтер, перотехникалар, ішімдік сусындар, нашақорлық заттарды әкелу, бір-біріне беру немесе қолдану; в).Дөрекі сөздерді қолданбау; г). Ғимараттың ішінде, ауласында темекі шекпеу; ғ)Ұялы телефондарды сабақта және сыныптан тыс іс-шаралар кезінде қолдануға  және оқушыларға 5000 теңгеден қымбат ұялы байланыс телефонын ұстауға және «смартфон» пайдалануына тиым салу басқа да электрониканы қолданбау;    мұндай заттар (телефон, плеер т.б.) сабақ уақытында партаның үстінде жатпауға тиіс. д). Мұғалімнің, мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз мектеп-гимназияда аудио және видео түсірілімдер жасауға болмайды. е). Карта, азарттық ойындар ойнамау; ж). Төтенше жағдай қажет болмағанда, эвакуациялық баспалдаққа шықпау, есіктерді ашпау; з). Негізгі мектеп-гимназияның оқушыларына үзіліс және сабақ уақытында мектеп-гимназия ауласынан шықпау; и). Жоғалған бағалы заттарға (алтын бұйымдар, ұялы телефондар) мектеп әкімшілігі жауап бермейді.

6.Талаптар орындалмаған жағдайда мұғалім, мектеп-гимназия  әкімшілігі жоғарыда көрсетілген заттарды (ұялы телефон, плеер т.б.) сақтауға алып қоюға құқылы. Сақтауға алынған заттар ата-аналарға немесе қамқоршыларына беріледі.

7. Сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатқан жағдайда залдан шығуға немесе кіруге, олардың өтілуіне сөзбен, ескертпелермен, қозғалыспен кедергі келтіруге рұқсат етілмейді.

8. Мектеп-гимназияның  әрбір оқушысы және қызметкері мектеп ауласындағы қауіпсіздікті сақтап, жоспарланған сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатқанда жолда жүру ережесінің талаптарын қатаң орындайды.

9. Мектеп-гимназия ауласында оқушылар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларды ескерту үшін, мектеп-гимназия әкімшілігі заңмен қарастырылған және жеке тұлғаны қорғау туралы заңның талаптарын ескере отыра, бақылау жүйелерін қолданады; Сырт пішінге қойылатын талаптар

10. Оқушының сырт пішіні оқу үрдісінің мақсатына сай болуы тиіс. Оқушылар мен мұғалімдер іскерлік стильде киінеді. Күнделікті іскерлік стиль – бұл классикалық стильдегі немесе қазіргі талапқа сай тігілген киімдер: а) Қыз балалар үшін пиджак, жилет, қою көк түсті юбка және қою көк түсті  галстук ұсынылды. күңгірт түсті аяқ киім 6 см биік болмау тиіс ә)Ұл балалар үшін: пиджак, жилет, қою көк түсті шалбар, мерекелік  жейде ақ түсті ал күнделікті жейде  көгілдір түс және қою көк түсті галстук, мерекелік күнге қара көбелек ұсынылды.

11. Іскерлік стильге жатпайтындар: а) Спорттық киімдер, футболкалар, қысқа кеудешелер, ашық өңірлі блузкалар т.б.; ә) Джинсылар, шалбарлар, қысқа белдемшелер, тізеден 10 см жоғары белдемшелер. т.б. б) Селдір, түрлі-түсті киімдер т.б.: в) Аксессуарлар: Школьникам қарапайым алқалар мен косметикалар, түссіз лакпен боялған қысқа тырнақтар.

12. Дене шынықтыру сабақтарында және сыныптан тыс спорттық іс- шаралар өткізген уақытта оқушылар спорттық киімдер киюге міндетті: футболка, спорттық костюм және аяқ киім.

13. Сыныптан тыс тыс іс-шараларды өткізген уақытта оқушыларға өз қалауынша киім стилін қалауына болады.

ІҮ. ОҚУ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫ:

Барлық оқу үрдісіне қатысушылар (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) құқылы:

1.Мектеп-гимназияның  оқу-тәрбие ісіне қатысты ақпараттарына мүмкіндік алуға, барлық өзгерістер жайында дер кезінде ақпараттар алуға; Информациятар мектеп-гимназияның сайтында жарияланады, оқушыларға сабақта, сынып сағаттарында, ата-аналарға ата-аналар жиналысында айтылады; мұғалімдерге кеңестерде және электронды пошта арқылы беріледі.

2. Қажет болған жағдайда берілетін қосымша көмек. Оқушылар оқу бағдарламасымен қарастырылған материалды түсіну үшін, мұғалімдер бекіткен кесте бойынша жүргізілетін консультацияларда; ал ата- аналар және мұғалімдер әкімшілік бекіткен қабылдау сағаттарында мәліметтер ала алады.

 3. Іс-әрекеттің обьективті және нақтыланған бағасы. Оқушылар мен ата-аналар мектеп-гимназияны  жүйелі бағалау арқылы, мұғалімдерге оқу жылының соңында аналитикалық талдау жасай отырып, нақты бағасын береді; 

4. Мектеп-гимназия  қызметкерлері және ата-аналар оқушыларды жәбір көруден сақтайды.

 5. Денсаулықты қорғауға: оқу орындарында және қауіпсіздік жағдайларда санитарлық нормаларды сақтау; жұмыс жүктемесінің нормаларын анықтау. Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің және бір күндік бақылау жұмыстарының нормалары сақталған; мерзімнен тыс жұмыс жағдайы және компенсациясы мұғалімдермен келісілген.

6. Уақытында ескертілген болса, нақты себеппен жұмыстан, оқудан босатылады. Оқушылар, ата-аналар бұл жайында сынып жетекшісінен, мұғалімнен, мектеп-гимназия сайты арқылы ақпарат алады. Преподаватели өз орнына уақытша сабақ беретін мұғалім туралы мектеп –гимназия әкімшілігіне ескертеді.

7.Сабақтан тыс бос уақытын кезекшілік міндеті болмаса сабақ арасындағы үзілісте пайдаланады.

8. Қоғамдық ұйымдар және мектеп-гимназия өзін-өзі басқару жұмыстарына қатысады. Мектеп-гимназияның оқу-тәрбие процесіндегі мәселелерді шешуге, оның жұмысын жақсартуға оқушылар кеңесінде,әкелер - әкелер кеңесінде, ата –аналар - ата – аналар кеңесінде, мұғалімдер- мұғалімдер кеңесінде өз пікірлерін айта алады.

9.Мектеп-гимназия оқушылары және ата-аналарымен жыл сайын сауалнама жүргізе отырып, аналитикалық талдау барысында өз пікірлерін айта алады.

ІІ тарау ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1.НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

 Мектеп-гимназияның  оқушылары Қазақстан Республикасының Заңнамалары актілерін орындауға міндетті, сонымен қатар:

1.Үнемі сабаққа қатысады, өз мүмкіндігінше оқиды, дамиды. Сабаққа қатыспаған жағдайда электронды журналда өзінің сабаққа қатыспағандығын дәлелдейтін құқықтық анықтамасы көрсетіледі.

 2.Сабаққа қатыспаған жағдайда оқушы өз бетімен оқу материалдарын талдап, электронды журналдан ақпараттарды оқып, сабаққа дайындалады. Егерде қандайда бір жағдаяттар туындаса, кесте бойынша бекітілген консультацияларда мұғалімнен көмек сұрай алады.

 3.Оқушы сабақта мұғалім белгілеген орында отырады. Оқушы домтапсырмасын орындамағандығы туралы, егер нақты дәлелі болса, мұғалімге сабақтан бұрын хабарлайды. Оқушы мұғалімнің берген домтапсырмасын күнделікке жазуға міндетті.

4. Мектеп-гимназияда өткізілетін іс-шараларға және сабақтарға кешікпеуге міндетті. Ескерту қоңырауы соғылғаннан кейін оқушы сыныпқа кіріп сабаққа дайындалады, ал екінші қоңырау соғылғанда, ол сабаққа дайын болуы керек. Егер оқушы сабаққа кешігіп қалса, себебін түсіндіріп, мұғалімнің рұқсатымен ғана өз орнына отырады.

5.Сабақта пән мұғалімінің талаптарын орындайды. Сабақ тәртібін сақтап, сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындайды. Школьникам сабақ барысында басқа нәрсемен айналысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орнынға отыруға, өз орнынан тұрып сыныптан шығып кетуге қатаң тыйым салынады.

 6.Сабақ аяқталмас бұрын мектеп-гимназиядан  шығуға сынып жетекшісінен немесе кезекші әкімшіліктен рұқсат алады. Оның себебі, баланың ауырып қалуы, ата-анасының анықтамасы, басқа мемлекеттік мекемеге шақырылуы және де т.б. болып табылады.

7. Мектеп-гимназия  ғимаратындағы құрал жабдықтарға, оқулықтарға, оқу құралдарына мұқият қарайды. Мектеп-гимназия  мүлкіне зиян келтірген жағдайда, оқушы және ата-анасы қойылған тәртіп бойынша мүліктің бағасын өтейді.

8. Мектеп-гимназиядан алған оқулықтары мен басқа да оқу құралдарын оқу жылының соңында немесе мектеп-гимназиядан  кетіп жатқан жағдайда тапсырады.

 9. Мектеп-гимназияның  ішінде және оның аумағында тәртіп пен тазалықты сақтайды, мектеп-гимназиядағы және сыныптағы кезекшілікті ұқыпты орындайды.

10. Жас ерекшеліктеріне қарай мектепішілік еңбекке, мектеп-гимназияның  және сыныптың ұжымдық еңбектеріне қатысады.

11. Өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

ІІ ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕР ЕТУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫ Берілген тарау  мектеп-гимназия  оқушыларына әсер ету және қолдау шараларын реттейді, оқушы құқықтары мен міндеттерін орындауына байланысты мадақталып отырады.

 1.Төменде берілген шаралардың ықпалдары : а) Мектеп-гимназияда  жұмыла жемісті еңбек жасау үшін қолайлы жағдай жасау; ә) Оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасау; б) Ішкі тәртіптің ережелерін орындауға және саналы тәртіпке негізделген  мектеп тәртібін қолдау; в) Мектеп-гимназияда қауіп-қатер төндіретін жағдай туындағанда ескерту;

2. Оқушы үздік оқығаны және пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болғаны үшін, спорттық жарыстарға , оқу және шығармашылық сайыстарға, мектеп-гимназияның  қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін келесі марапаттамалар беріледі. а) Қорытынды бақылау жұмысынан, сынақ тапсырудан мұғалімнің рұқсатымен босатылады. ә) Мектеп-гимназия  бұйрығы бойынша оқушыларға, барлық ұжым мүшелеріне, ата- аналарға хабарлай отыра алғыс жариялайды. б)Алғыс хат және мадақтамамен марапатталады. в) Директордың қатысуымен салтанатты жиынға шақырылып, бағалы сыйлықтар беріледі. г) Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттайды.

 3. Мектеп-гимназияда  оқушыларға келесі қолдау шаралары көрсетіледі: а) Жеке консультациялар өткізіледі. ә) Дамыту сұхбаттары жүргізіледі. б) Алдағы жұмыста келісімге жету мақсатында үшінші жақтың көмегімен мәселе шешіледі. в) Тоқсанға жеке жұмыс жоспары құрастырылады. г) Жеке оқу бағдарламасы қолданылады. д) Мектеп-гимназия үйірмелеріндегі сабақтармен қамтамасыз етіледі. и) Мамандардың көмегін қолдану, оқушыларға көмек көрсететін мамандарды тағайындау.

 4. Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда оқушыға қатысты мектеп-гимназияда  келесі шаралар қолданылады: а) Оқушыға жеке ауызша ескерту; ә) Күнделікке ескерту жазу/ элетрондық журналға енгізу; б)Сынып жетекшісі және пән мұғалімі оқушының ата-анасымен баланың тәртібін талқылайды. в)Сабақтан соң кесте бойынша бекітілген консультацияға немесе бір жарым сағаттық белгіленген жұмысты атқаруға қалуға міндетті. г) Администрация оқушымен жеке сұхбат жүргізеді (қажет жағдайда ата-ананың қатысуымен), оқушының қол қоюы арқылы келісімге келу. ғ) Оқушының тәртібіне байланысты бағаны төмендету. д) Жағдаятты ұжымдық талқылау және тиімді түрде шешу жолдарын табу үшін педагогикалық консилиум құру. ж) Оқушыға алдағы қолданылатын шаралар туралы жазбаша ескерту (мектептен шығару) з) Директордың бұйрығы бойынша жазбаша ескерту жасау. и) Оқушының қатысуымен оның тәртібін педагогикалық кеңесте немесе құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы қоғамдық кеңесте талқылайды. к) Ата-ананың және оқушының келісімімен мектеп-гимназияның қоғамдық пайдалы жұмысына араластыру. л) Сыныптан тыс іс-шараларға қатысуға және сапарға шығуға уақытша тыйым салынады.

 5. Педагогикалық кеңестің шешімімен уақытша мектеп-гимназиядан шектетіледі, (бір жартыжылдықтың 10 күніне дейін), бекітілген жұмыс жоспары және мектеп-гимназия  бағдарламасына сай мұғалімдердің талабына сай осы оқу кезеңін нәтижелі аяқтауға міндетті.

 6. Жоғары тұрған органдардың әрекеттесуімен,педагогикалық кеңестің шешімімен 10-11 сынып оқушылары мектеп-гимназиядан  шығарылуы мүмкін. Оған негіз болатындар: а) Ішкі тәртіптің ережелерін бұзғаны жөнінде бірнеше жазбаша тіркелген тәртіп бұзушылық; в) оқу жылында бір немесе екі нашар бағасы болса; с) көптеген себепсіз босатылған сабақтар (бір жартыжылдықта 30-дан астам);

 7. Директордың бұйрығы бойынша оқушы бір дөрекі қылығы үшін мектеп-гимназиядан шығарылуы мүмкін;

 8. Егер көрсетілген шаралар еш нәтижеге жетпеген болса немесе оларды оқушы мен ата-ананың байланысы болмағандықтан пайдалана алмаса, онда мектеп-гимназияның әлеуметтік қызметі қала басқарушы бөліміне немесе қалалық басқарушы бөлімге шағымданады.

ІІІ ТАРАУ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ 

І ЖАЛПЫ БІЛІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ШАРАЛАР

 Берілген шаралар Заңның негізінде (заңға сүйену) мемлекеттік білім беру бағдарламасының аясында тегін білім алуға құқылы етеді. 1.Ата-ана мектеп-гимназия  жасындағы баланың үйде және мектеп-гимназияда оқуына қолайлы жағдай жасай отыра, оның дамуына мүмкіндік беруге міндетті.

2.Ата-ана мектеп-гимназияға 

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері(заңды өкілдерінің).

           1. Ата-аналар(заңды өкілдері) міндетті:

- Өз балаларын тәрбиелеуге, олардың жалпы білім алуына және олардың орта (толық) жалпы білім алуына қажетті жағдай жасауға, оқушылардың сабақ қатынастарын уақытылы бақылап отыру үшін жауапкершілік алып баруға;

-  Мектепке оқушы туралы уақытылы қажетті ақпарат беруге, баланың сабақта болмаған себебін хабарлауға;

-  Школьникам академиялық қарызын жоюды қамтамасыз етуге;

-  Баланың  ойдағыдай оқуы және тәрбиеленуі үшін қажетті құралдармен, соның ішінде спорттық киіммен, ауыстыратын аяқ киіммен, еңбекке оқытуға арналған формамен  қамтамасыз ету жауапкершілігін алып баруға;

-Шақырған уақытына қарай сынып және жалпымектептік ата-аналар жиналыстарына қатысуға, мектепке педагогтардың, әкімшіліктің шақыруымен келуге;

-  Қолданыстағы заңнамада көзделгенжағдайларда білім алушылардың мектеп мүлкіне келтірген зиянын өтеуге;

- Мектеп қызметкерлерінің еңбегі мен құқығын құрметтеуе, олардың авторитетін қолдауға;

- Қолданыстағы заңнамадағы нормаларды, Жарғы мен осы Ереженің талаптарын  орындауға.

   2. Ата-аналар (заңды өкілдері) құқығы:

- балалардың заңды құқықтары мен мүддесін қорғауға;

 - ҚР қазіргі заңнамаларына және мектептің Жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға;

-  мектеп Жарғысы  мен білім беру үдерісінің ұйымдасу тәртібін белгілеуші басқа құқық орнатушы және нормативтік құжаттармен, соның ішінде осы Ережемен танысуға ;

- білім беру үдерісінің барысы және мазмұнымен, оқушылардың бағаларымен танысуға;

- сабақтарға (әкімшілік пен оқытушының келісімімен) және оқу, оқудан тыс қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;

- қолданыстағы заңнаманың шеңберінде еріктіліктің негізінде сыныптың, мектептің дамуына қайырымдылық (қайыр) түрінде материалдық көмек көрсетуге;

- мектеп Жарғысы мен осы Ереже шарттарының орындалуын талап етуге.

IV ТАРАУ  ПЕДАГОГТАРҒА  АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ 

Мектеп-гимназия педагогтеріне қойылатын талаптар

       1. Мектепте де, мектептен тыс та моральдық норманы сақтап, тәртіп жағынан үлгі болу.

2. Жұмыста сынып жетекші болса да, болмаса да сабаққа 20 минут қалған кезде келу.

    3.  Ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес қарастырылған қауіпсіздік техникасы бойынша, өндірістік тазалық сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын қатаң түрде сақтау, жарақаттанған кезде және басқа да жағдайлар жайында жедел түрде әкімшілікке хабарлау. 

    4. Вахтада оқу кабинетінің кілтін уақытында алып, сабақ аяқталғаннан кейін қайтарып беру.

   5.  Сынып журналын бірінші сабақта мұғалімдер бөлмесінен алу; сыныпта соңғы сабақ өткеннен кейін сынып журналын мұғалімдер бөлмесіне қайтару.

   6.  Сабақты қоңыраумен бастап, қоңыраумен аяқтау, оқу уақытын дұрыс пайдалану. 

  7.  Бүкіл оқу жылына күнтізбелік-тақырыптық жоспар, онда өткізілетін күні мен сабағы көрсетілуі тиіс, оқу күні кестесі бойынша әрбір сабаққа, сонымен қоса арнайы курсқа және сынып сағаттарына күнделікті сабақ жоспары болуы тиіс

 8.  Преподавателиге және оқушыларға арналған жоспар бойынша барлық шараларға сабақ кестесіне қарамастан қатысу.

9. Мектеп директоры орынбасарларының бұйрықтарын нақты және мерзімінде орындау.

10.Мектеп директорының барлық бұйрықтарын орындау, бұйрықпен келіспеген жағдайда еңбек дауы бойынша комиссиясына арыз беру.

11.Ауырып қалған жағдайда мұғалім әкімшілікті оқу күні басталмай жатып ескерту, емделіп болғаннан кейін оқу күні аяқталмай, жұмысқа шығатын күннен бұрын ескерту, жұмысқа бірінші күні шыға сала, уақытша жұмысқа қабілетсіз екендігі жайында қағаз көрсету.

12. Сынып жетекші оқушыларды қарсы алу керек, оқу үрдісіне дайындықты өткізу (гардеробта кезекшілік ету, сабақ кестесінде өзгертулерді нақтылау, болмаған оқушыларды және олар не үшін болмағаны жайында анықтау).

13.Сынып жетекші тәрбие жұмысы жоспары мен кестеге сәйкес тәрбие іс-шарасын және сынып сағаттарын өткізу.

14. Тәрбие жұмысы жоспары бүкіл оқу жылына бір рет құрастырылады.

15. Сынып жетекші тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты атқарады, сонымен қатар оқу жылында төрт рет сынып сағаттарын өткізеді.

16. Сынып жетекші аптасына бір рет күнделік тексеруге және күнделікке баға қоюға міндетті.

17. Сабақ сайын электрондық журнал ЭОЖ-ны толтыру, оқушыларға баға қою

18. Мұғалім киім формасы мектеп жарғысында  көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

19. Жұмыс орнын, жиһазын, жабдықтар мен құралдарды таза әрі ұқыпты ұстау, мектеп мекемесінде тазалықты сақтау.

20. Мектеп мүлкін сақтау, материалдарды ұқыпты қолдану, электроэнергияны, жылу мен суды рационалды шығындау.  

Жұмыстағы жетістіктері үшін көтермелеу:

 1.Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбектегі жаңашылдығы және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін мынадай көтермелеулер қолданылады:

- алғыс жариялау;

- Құрмет грамотасымен марапаттау;

- ҚР марапаттарына, атақтарына ұсыну.

 2.Көтермелеулерді әкімшілік бірлесіп немесе мектептің тиісті кәсіподақ органының келісімі бойынша қолданады.

3.Көтермелеу директордың бұйрығымен жарияланады және ұжымның назарына жеткізіледі, көтермелеу туралы жазба қызметкердің еңбек кітапшасына енгізіледі.

 Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік:

1. Еңбек тәртібін орындамау, яғни қызметкердің кінәсінен өзіне жүктелген Еңбек міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау теріс қылық дәрежесіне қарай тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғады:

а) ескерту;

б) сөгіс;

в) қатаң сөгіс;

г) жұмыстан босату немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдану.

2. Администрация тәртіптік жаза қолдануды берілген құқықтар шегінде жүргізеді. Әрбір бұзушылық үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

3. Еңбек тәртібін бұзушыдан жаза қолданылғанға дейін жазбаша нысанда түсініктеме талап етіледі. Жазбаша түсініктеме беруден бас тарту не ауызша түсіндіру жаза қолдануға кедергі болмайды.

4.Педагог қызметкердің кәсіптік мінез-құлық нормаларын және (немесе) мектеп Жарғысын бұзуына тәртіптік тергеп-тексеру оған келіп түскен, жазбаша нысанда берілген шағым бойынша ғана жүргізілуі мүмкін. Көшірмесі педагог қызметкерге тапсырылуы тиіс. Тәртіптік тергеудің барысы және оның нәтижелері бойынша қабылданған шаралар заңда көзделген жағдайларды қоспағанда (педагогикалық қызметке тыйым салу, оқушылардың мүдделерін қорғау) мүдделі қызметкердің келісімімен ғана жария етілуі мүмкін.

5.Жаза қызметкердің ауырған және демалыс уақытын есептемегенде, еңбек тәртібін бұзу анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады. Жаза еңбек тәртібін бұзған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданыла алмайды.

6.Жаза мектеп бұйрығымен жарияланады. Бұйрықта жаза қолданылатын еңбек тәртібінің нақты бұзылғаны көрсетілуге тиіс. Бұйрық қызметкерге қол қойылған күннен бастап үш күн мерзімде қолхатпен жарияланады.

7.Жазасы бар қызметкерлерге көтермелеу шаралары осы жазалардың қолданылу мерзімі ішінде қолданылмайды.

8.Тәртіптік жаза ретінде жұмыстан шығару, егер тәртіптік немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылған болса, қызметкердің еңбек шартында (мектеп жарғысында және ішкі еңбек тәртібі ережелерінде) өзіне жүктелген міндеттерді дәлелді себептерсіз бірнеше рет орындамағаны үшін, дәлелді себептерсіз жұмыста болмағаны үшін (оның ішінде жұмыс күні ішінде үш сағаттан астам жұмыста болмағаны үшін), сондай-ақ жұмысқа мас күйінде, сондай-ақ есірткіден немесе уытқұмарлықтан мас күйінде келгені үшін қолданылады.

9.Педагогтің әдепсіз теріс қылықтарына оқушыларға қатысты шабуыл жасау, әріптестеріне БАҚ-та негізсіз айыптау, қоғамдық тәртіпті, оның ішінде жұмыс орнынан тыс тәртіпті бұзу, педагогтың қоғамдық мәртебесіне анық сәйкес келмейтін мораль нормаларының басқа да бұзушылықтары жатқызылуы мүмкін. Педагогтің бұл теріс қылықтары келісу комиссиясында қаралуы және ҚР Заңында белгіленген тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдануы тиіс.

10.Школьникам қатысты қол жұмсау, жұмыс орнына қатысты болмаса да қоғамдық тәртіпті бұзу, педагогтың қоғамдық жағдайына сәйкес келмейтін, басқа да адамгершілік ережелерін бұзу адамгершілікке жатпайтын қылықтар болып саналады.

11.Күзгі, қысқы, көктемгі демалыс уақыты, сондай-ақ кезекті демалыспен сәйкес келмейтін жазғы демалыс уақыты педагогтердің жұмыс уақыты болып табылады. 

12.Осы кезеңдерде, сондай-ақ мектептегі сабақтардың күшін жою кезеңдерінде оларды мектеп әкімшілігі заңмен белгіленген уақыттан аспайтын уақыт шегінде педагогикалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмысқа тарта алады. Демалыс уақытында педагогикалық ұжым мен қызмет көрсетуші персонал арнайы білімді талап етпейтін шаруашылық жұмыстарын орындауға өзі белгілеген жұмыс уақыты шегінде тартылады.

13.Педагогикалық кеңестің отырыстары, директор жанындағы кеңестер, әдістемелік кеңестің отырыстары, әдістемелік бірлестіктердің отырыстары, әдетте, екі сағаттан артық, ата – аналар жиналыстары – бір жарым сағаттан, үйірмелер, секциялар сабақтары - 40 минуттан 1.00 сағатқа дейін жалғаспауы тиіс.

14.Мектепте бір демалыс күнімен алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Басшы, әкімшілік-шаруашылық, қызмет көрсетуші және оқу-көмекші персонал үшін жұмыс күнінің (ауысымының) ұзақтығы 40 сағаттық жұмыс аптасы есебінен жасалған жұмыс кестесімен белгіленеді.

15.Шағын орталық 5 күндік жұмыс аптасы есебінен жасалған жұмыс кестесімен белгіленеді.

16.Жұмыс кестелерін кәсіподақ органының келісімі бойынша мектеп директоры бекітеді және жұмыстың басталу және аяқталу уақытын, демалу мен тамақтану үшін үзілісті көздейді.

17.Демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады және заңнамада көзделген жағдайларда ғана орын алуы мүмкін.

18.Жұмыстан тыс уақытта кезекшілікке ерекше жағдайларда айына бір реттен жиі емес, кейіннен кезекшіліктің ұзақтығы сияқты демалыстар беріле отырып жол беріледі.

19.Педагог қызметкерлердің жаңа оқу жылына арналған алдын ала оқу жүктемесі қызметкер демалысқа кеткенге дейін әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында қаралады.

Бұл ретте:

а) педагог қызметкерлерде, әдетте, сыныптардың сабақтастығы мен оқу жүктемесінің көлемі сақталуы тиіс;

б) қызметкердің толық емес оқу жүктемесі оның келісімімен ғана мүмкін болады, ол жазбаша түрде көрсетілуі керек;

в) педагог қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі, әдетте, бүкіл оқу жылы бойы тұрақты болуы тиіс.

Оқу жылы ішінде оқу жүктемесін өзгерту, Егер сыныптар саны немесе оқу жоспары, оқу бағдарламасы бойынша сағаттар саны өзгерген жағдайда ғана мүмкін болады.

Мектеп әкімшілігі міндетті:

- Педагогтердің және мектептің басқа да қызметкерлерінің еңбегін әркім өз мамандығы мен біліктілігі бойынша жұмыс істейтіндей етіп ұйымдастыру, әрбір қызметкерге белгілі бір жұмыс орнын бекіту, сабақ кестесімен және жұмыс кестесімен уақтылы таныстыру, педагог қызметкерге демалысқа шыққанға дейін олардың келесі оқу жылына арналған оқу жүктемесін хабарлау.

- Еңбек пен оқудың денсаулығы мен қауіпсіз жағдайларын, үй-жайлардың, жылытудың, жарықтандырудың, желдеткіштердің, мүкәммал мен өзге де жабдықтардың жарамды жай-күйін, жұмыста қажетті материалдардың болуын қамтамасыз ету.

- Мектеп әкімшілігі бір жылға арналған директор мен ДК төрағасы жасаған және бекіткен жоспар бойынша білім беру процесінің сапасына бақылау жүргізуі керек: сабаққа қатысу және талдау, әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу және т.б., сабақ кестелерін сақтау, білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, күнтізбелік оқу кестелерін орындау.

- Қызметкерлердің мектеп қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстарын уақытылы қарастыру, қолдау және көтермелеу.

- Белгіленген мерзімде жалақы беру, еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің сақталуын және жалақы қорының жұмсалуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету.

- Оқу және еңбек тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

- Еңбек туралы заңнаманы сақтау, қызметкерлер мен оқушылардың еңбек жағдайларын жақсарту, барлық жұмыс орындары мен демалыс орындарының тиісті санитариялық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және санитариялық қағидаларға сәйкес келетін еңбек жағдайларын жасау.

- Қызметкерлер мен оқушылардың қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, Санитария және гигиена бойынша барлық талаптар мен нұсқаулықтарды білуін және сақтауын үнемі бақылау.

- Қызметкерлер мен оқушылардың жарақаттануын, кәсіптік және басқа да ауруларының алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдау.

- Жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітілген кестеге сәйкес мектептің барлық қызметкерлеріне уақтылы демалыс беру, осы қызметкер үшін белгіленген демалыс немесе мереке күнінде басқа демалыс күнін беру, жұмыстан тыс уақытта кезекшілік үшін демалыс беру.

- Педагогтің және мектептің басқа да қызметкерлерінің біліктілігін жүйелі арттыруды қамтамасыз ету. Қызметкерлерді мектепті басқаруға қатысуын қамтамасыз ету. Қызметкерлердің сыни ескертулерін уақытылы қарастыру және оларға қабылданған шаралар туралы хабарлау.

- Оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастыру.

Қызметкерлерді қабылдау,ауыстыру және жұмыстан шығару тәртібі:

- Қызметкерлер өздерінің еңбек ету құқығын осы мектепте жұмыс істеу туралы еңбек шартын жасау арқылы жүзеге асырады.

- Қызметкер мен мекеме арасындағы еңбек шарты жазбаша түрде жасалады. Жұмысқа қабылдау мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді. Шарттың талаптары еңбек заңнамасымен кепілдендірілген талаптардан нашар болуы мүмкін емес. Бұйрық қызметкерге қол қойғызып хабарланады.

Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасасу кезінде оқуға түсуші мынадай құжаттарды ұсынады:

- Төлқұжат немесе жеке куәлік;

- Білім және кәсіби дайындық туралы құжаттар;

- Еңбек кітапшасын (алғаш рет еңбек шарты арқылы жұмысқа қабылданатын тұлғалар үшін соңғы қызметі туралы анықтама, Қарулы күштер қатарынан босатылған тұлғалар үшін әскери билет);

- Тұрғылықты жері бойынша емхана беретін мектепте жұмыс істеу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы медициналық қорытынды, сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде заңмен айқындалған басқа да медициналық құжаттар;

- Соттылығының, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерінің жоқтығы туралы анықтамалар;

- Қосымша жұмыс атқаратын адамдар, жұмысқа кіретін еңбек кітапшасының орнына лауазымы мен жұмыс кестесі көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынады. Қосымша қызметкерлер, жұмыс өтіліне байланысты белгіленетін БКО разряды, негізгі жұмыс орны бойынша әкімшілік куәландырған еңбек кітапшасынан үзінді көшірме.

Қызметкерді белгіленген тәртіппен басқа жұмысқа қабылдаған немесе ауыстырған кезде әкімшілік оны мынадай құжаттармен таныстыруға міндетті:

- Мекеме жарғысымен;

- Ұжымдық еңбек шартымен;

- Ішкі еңбек тәртібі ережелерімен;

- Лауазымдық талаптар (нұсқаулар);

- Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша бұйрықтармен қамтамасыз етіледі. "Қорғау және қауіпсіздік бойынша бастапқы нұсқама журналына" жаза отырып, еңбекті қорғау бойынша алғашқы нұсқама өткізу, сондай-ақ еңбек жағдайлары және оның төлемі туралы хабардар ету.

- Еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша ғана орын алуы мүмкін.

- Бес күннен артық жұмыс істеген барлық қызметкерлерге белгіленген тәртіппен еңбек кітапшалары толтырылады. Қызметкерлердің еңбек кітапшалары қатаң есептілік бланкілері ретінде мектепте сақталады.

- Әрбір қызметкерге жеке іс жүргізіледі, ол кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтан, өмірбаяннан, білімі, біліктілігі, кәсіптік даярлығы туралы құжаттардың көшірмелерінен тұрады; медициналық кітапша толтырылады, онда мектепте жұмыс істеу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытынды болуы тиіс; тағайындау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзінділері. Қызметкер жұмыстан босатылғаннан кейін оның жеке ісі мектепте қалады.

- Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру заң қызметкердің келісімінсіз өндірістік қажеттілік бойынша, уақытша болмаған қызметкерді алмастыру үшін және тоқтап қалуға, оның ішінде ішінара жұмыс істеуге байланысты уақытша ауыстыруға жол берген жағдайларды қоспағанда, оның келісімімен ғана жүргізіледі.

- Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы өндірістік өзгерістерге байланысты (сыныптар санының, оқу жоспарының, мектептің жұмыс режимінің өзгеруі, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын енгізу және т. б.) қосымша немесе жаңа бұйрық шығарылады, қызметкер сол лауазымда, мамандықта, біліктілікте жұмыс істейді, қызметкердің елеулі еңбек жағдайларының өзгеруі: жүйе мен еңбекақы төлеу, жеңілдіктер, жұмыс режимі, оқу жүктемесі көлемінің өзгеруі, оның ішінде толық емес жұмыс уақытын белгілеу немесе алып тастау, қосымша жұмыс түрлерін белгілеу немесе, және т.б.), кәсіптерді біріктіру, сондай-ақ басқа да маңызды еңбек жағдайларының өзгеруі.

Қызметкер өз еңбегінің елеулі жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын хабардар етілуге тиіс. Егер бұрынғы маңызды еңбек жағдайларын сақтау мүмкін болмаса және қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, онда еңбек шарты тоқтатылады.

- Еңбек туралы заңнамаға сәйкес белгілі бір мерзімге еңбек шартын жасасқан қызметкерлер, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай шартты мерзімінен бұрын бұза алмайды.

а) жұмыстан босату, штаттың қысқаруына немесе қызметкерлердің санына, немесе лауазымына сай келмесе, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді ауыстыруға мүмкіндік болмаса, оның келісімімен, басқа жұмысқа ауыстырылады;

б) еңбек міндеттерін бірнеше рет негізсіз орындамаған жағдайда, жұмыс күні негізсіз   3 сағаттан артық жұмыста болмаса, жұмысқа мас күйінде, есірткі немесе уыты заттар қолданып келсе, тәрбие беру қызметін атқаратын қызметкерлер осы жұмысты жалғастыруға келмейтін, адамгершілікке жат қылық көрсетсе, сайланбалы мектеп кәсіподақ оргынының келісімінсіз жұмыстан босатылатын қызметкерлердің кінәсі дәлелделінген жағдайда жұмыстан босатылады.

            Мектеп әкімшілігі жұмыстан босатылатын қызметкерлермен толық қаржылай есептесіп, оған тиесілі рәсімделген еңбек кітапшасын, аттестаттаудан өткендігі туралы құжаттарын береді. Еңбек кітапшасына жұмыстан босату, себебі заңнама тұжырымдамаларына және заң баптары мен тармақшаларына сәйкес толтырылады. Белгілі бір жағдай бойынша жұмыстан босатқанда, заң жеңілдік пен артықшылықтар беруді байланыстыратын жағдайлар көрсетіліп, еңбек кітапшасына жазылады.

Педагогикалық және мектептің басқа да қызметкерлеріне тыйым салынады:

1. Жұмыс кестесі мен сабақ кестесін өз қарауымен өзгертуге.

2. Сабақ ұзақтылығын және олардың арасындағы үзіліс қоңырауын қысқартып, ұзартып немесе сабақ болдырмауына.

3. Оқушыны сабақтан шығаруға.

4. Мектеп ұжымы мүшелерін және оқушыларды қорлауға.

5. Сабақтарда бөтен тұлғалардың қатысуына.

6. Сабақ кезінде әлдебір себептермен кабинеттен шығып кетуге.

7. Мектеп мекемесінде темекі тартуға.