Іс-шаралар » Страница 3 » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әжемнің  әңгімелері
07
июнь
2022
Әжемнің әңгімелері
Оқуға құштар мектеп жобасы  аясында мектеп кітапханасында, жазғы  сауықтыру  лагеріндегі оқушылармен әжеміз Зеребала апаймен "Әжемнің  әңгімелері " аясында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген ынтасын ояту.
Балқаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!
31
май
2022
Балқаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!
Құрметті Балқаш ауданының тұрғындары мен қонақтары! Балқаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімі 2022 жылдың маусым айының 8-і күні облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізу мақсатында, 12 сағат 55 минутта 30 секундқа аудан аумағында орналасқан электр дабылдары қосылатынын хабарлайды. Осыған байланысты Сізден үрейленбеуіңізді және түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, Балқаш ауданының ТЖБ сізге Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электр сиренаны қосу кезіндегі тәртіп
Бір күндік саяхат
24
май
2022
Бір күндік саяхат
Биылғы жыл балалар жылына орай балалардың рухани, мәдени байлығын дамыту мақсатында Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7,9-сынып оқушылары ата-аналар демеушілігімен Алматы қаласындағы Ұлттық мұражайға бір күндік саяхатқа барып қайтты.  Бұл мұражайда балалар тас ғасыры, қола дәуіріндегі адамдардың қол өнерінің даму сатысындағы құрал-саймандарды тағы да басқа заттарды көріп тәнті болды. Мұражай қызметкері  әрқайсысына тоқталып, Қазақстан тарихына шолу жасап өтті. Ұлы Отан соғысы
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 - жыл
11
май
2022
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 - жыл
Дәуірдің кемеңгер қаламгер әдебиет атты мұхиттың, буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейін әлемнің назарын өзіне аударылған шебер жазушы,  майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100- жыл толуына орай " Әйгілі  Әз аға -атты " аудандық кітапханамен бірлесе отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Құстар - біздің досымыз
26
апрель
2022
Құстар - біздің досымыз
Мектебімізде а удандық аң-құстарды қорғау мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен  Құстарды қорғау күніне орай "Құстар - біздің досымыз" атты шара өтті.  Сурет қолөнерлерімен танылған оқушыларымыз сыйлықтарға ие болды.
12 сәуір- Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні
12
апрель
2022
12 сәуір- Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды.Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды. 1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды.
12 сәуір «Ғылым қызметкерлер»  күні
12
апрель
2022
12 сәуір «Ғылым қызметкерлер» күні
«Дарынды – дарын  таниды» Шархан  Мұртаза  ағамыз, дарынды, талантты оқушыны таңдау үшін, оны баптайтын адам да дарынды болу керек дегенді айтады. «Дарын дегеніміз - дұрыс таңдау жасай білу»(Роберт Де Ниро) «Дарын» ғылыми жұмысқа  оқушыларды   дайындау  үшін, олардың  қабілетіне   қарау  да  басты талаптардың  бірі. Мектебімізді 12 сәуір күні «Ғылым қызметкерлер» күніне орай «Ғылым   таппай  мақтанба» іс-шарасы  жасалынып   өткізілді. Биылдығы  оқу   жылында «Дарын» ғылыми жобасына
"Толағай" спорт жарысы
09
март
2022
"Толағай" спорт жарысы
Мақсаты:  баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.