"Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудағы оқыту құралдарының тиімділігі және модификациялық кабинеттердің мүмкіндіктері » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Almaty region білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Version for
visually impaired
» » "Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудағы оқыту құралдарының тиімділігі және модификациялық кабинеттердің мүмкіндіктері
14
March
2024

"Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудағы оқыту құралдарының тиімділігі және модификациялық кабинеттердің мүмкіндіктері

«Б.Бейсекбаев  атындағы   мектеп-гимназиясы МДШО» МКМ-де наурыздың 14 күні “Жаратылыстану бағытындағы пәндерді  оқытудағы  оқыту    құралдарының   тиімділігі    және   модификациялық кабинет     мүмкіндіктері” облыстық  семинар өтті.

   Семинардың    мақсаты: Инновациялық  жаңашылдық жүйесінде,  оқытудағы   жүйелілік   белсенділік тәсілдерін     қолдана  отырып,  мұғалімдердің   кәсіби     құзыреттілігін   дамыту.

      Семинарға  білім  беру менеджменті және инновациялық қызмет бөлімінің басшысы Аллажаров  Айдар Нұрболатұлы, облыстық  директорлар кеңесінің мүшелері, аудандық  білім бөлімінің басшысы Ақмолдаева Динара Нұржахановна, әдістемелік кабинеттің әдіскерлері қатысты. Семинарда  мектеп мұғалімдері  сабақтың жаңа  платформасын пайдалана отырып сабақтар өткізді. Семинарға  қатысушыларға  мектеп   ұстаздары  сабақта қолданып жүрген  әдістемелік  платформаларды көрсетіп, сабақта  жүргізілетін лаброториялық жұмыстар, тәжірибелерді  және жоба  жұмыстарын оқушылармен  бірлесе   отырып  көрсетті.   Семинарда облыстық әдістемелік орталығының бөлім басшысы Айдар Нұрболатұлы мектеп ұжымының ұйымдастырған “Жаратылыстану бағытындағы пәндерді  оқытудағы  оқыту    құралдарының   тиімділігі    және   модификациялық кабинет     мүмкіндіктері”  семинардың  жоғарғы деңгейде өткендігін атап өтті. Семинардың жабылу салтанатында мектеп оқушыларының концерттік бағадарламасын келген әріптестер  тамашалады.