«Білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын толықтыру» » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын толықтыру»
08
ноябрь
2022

«Білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын толықтыру»

"Алматы облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің  "Б.Бейсекбаев атындағы мектеп - гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мектеп – гимназия  директорының              оқу ісі жөніндегі орынбасары
Халыкова  Альвира Манатовна  «Білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын толықтыру» тақырыбында презентация жасады. Презентацияда білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын анықтап, білімін толықтыру мақсатында жасалған жұмыстардың алгоритмі қадам-қадамымен нақты түсіндірілді. Сондай-ақ, мектеп аясында жүргізілетін  «Шеберлігіңді шыңда», «Кемелдену кедергілері» «Мен қалай ұдайы жетілемін?», «Математика, информатика пәнінен олимпиада есептерін шығару, оқушыларды олимпиадаға дайындау»  т.б. ауқымды жобаларының жүргізілу барысы, қорытындысы мен нәтижелері баяндалды. Өткен оқу жылдарында немесе ағымдағы оқу тоқсанында білім алушыларға қиындық тудырған оқу мақсаттары немесе тақырыптарды қысқа мерзімді сабақ жоспарына  кіріктірудің тиімді жолдарын ұсынды. Көптің көкейінде жүрген келелі тақырыптың бірі болғандықтан жасалған презентация барлық қатысушылардың көңілінен шықты.