"3D редактор құралдары" тақырыбында интерактивті сабақ » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "3D редактор құралдары" тақырыбында интерактивті сабақ
09
ноябрь
2022

"3D редактор құралдары" тақырыбында интерактивті сабақ

Үстіміздегі жылдың 9 қарашасында Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының  ұйымдастыруымен облыстық интерактивті сабақтар  өткізілді. Мұнда облыстың тәжірибелі үздік ұстаздары үлгілі  интерактивті сабақтарын ұсынды.Алматы облыстық білім басқармасының  Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Халықова Алвира Манатқызы 6-сыныппен «3D редактор құралдары» тақырыбында интерактивті сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты.... .... 
Мұғалім сабақ барысында түрлі интербелсенді әдістерді, атап айтқанда, «Fill the gaps» әдісі, «Mix & Match» әдістерін қоланып оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра білді. Нәтижесінде  оқушылар әртүрлі графикалық редакторлардың көмегімен компьютерді қолданып модельдеу, 3D редакторларымен жасалған модельдерді әртүрлі графикалық және бейне форматтарға экспорттауды үйренді, сондай-ақ, 3D принтерлерде басып шығаруға , жабдық бөлшектерін ауыстыру үшін де пайдалануға болатынын, модельдеу мен жобалаудың үлкен саласы сәулет, дизайн жасау кезінде қолданылатынын түсінді.