"Жылдың Үздік сынып жетекшісі" байқауының жүлдегері » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жылдың Үздік сынып жетекшісі" байқауының жүлдегері
08
апрель
2022

"Жылдың Үздік сынып жетекшісі" байқауының жүлдегері



Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде талмай еңбек етіп жүрген сынып жетекшілерінің шығармашылығын байқау мақсатында Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясында аудандық «Жылдың Үздік сынып жетекшісі» байқауы өтті.
"Жылдың Үздік сынып жетекшісі" аудандық байқауы қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Байқау қорытындысы бойынша Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 "А" сынып жетекшісі 
Орынбетова Айгерім Серікқызы жүлделі 3-орынды иеленді.
Айгерім Серікқызы әрдайым еңбегіңіз жана берсін, мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!