1-сыныпқа қабылдау » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматинская область білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Версия для
слабовидящих
31
март
2022

1-сыныпқа қабылдау


  • Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. 
  • Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса, барлық бала қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар. 
  • Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі. 
  • Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады. 
  • Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ. 
  • Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы №063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады
  • Гимназия, лицейлерден басқа мектептердің барлығы балаларды мектепке ешқандай емтихансыз қабылдайды.