«Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты тақырыбында өткен он күндік » Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 91-6-69
E-mail:
beisecbaev80@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты тақырыбында өткен он күндік
30
ноябрь
2022

«Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты тақырыбында өткен он күндік

«Б.Бейсекбаев  атындағы мектеп- гимназиясы МДШО»МКМ  МИФ әдістемелік пәндер бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты тақырыбында өткен он күндіктің

хабарламасы


21.11.2022 –30. 11. 2022 жыл


      Елбасымыз «ХХІ  - ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты -    пәндік апталық.

Тақырыбы:«Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар»

Білімді болу деген – жаңалық ашуға  «қабілетті болу»

                                                               (Әл – Фараби)

Мақсаты:

Ø оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту;

Ø логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;

Ø білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже: 

Болашақ өмірде білімнің қажеттілігін түсінеді. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады. Жүйелі білім қалыптасады.                                

МИФ апталығының ашылу   күні 21.11.22 ж басталды. Апталықтың ашылуы таңертеңгі 7.30-дан бастап, ұстаздар мен оқушыларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып алумен басталды. Математика, физика, информатика пәндерінен сұрақтар қоя отырып, тәтті таратылды.Оқушыларға апталықтың ашылуы фаеде өткізілді. Апталықтың ашылуын бірлестік жетекшісі Орынбетова Айгерім Серікқызы ашып берді.Сосын информатикадан шар жару арқылы ойындар болса, математикадан әр түрлі фигуралар арқылы ойнатылды.Физикадан қар  кесегін атқылау арқылы ойындар ойнатылды. Ойындарға жақсы ат салысқан балаларға сыйлықтар (қалам, қарандаш, блокнот,шоколодтар т.б) берілді.Оқушыларға сертификат ойнатылатыны туралы айтылды. 

  


Апталық екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ашық сабақтар өткізілсе, екінші бөлімде сыныптан тыс шаралар  ұйымдастырылды

1- бөлім « Математика- ғылымдардың патшасы, информатика –ақпараттар ғылымы,  физика- табиғаттың патшасы». 2-бөлім « Менің сабағым - менің кәсіби ізденісімнің жемісі» тақырыбында өткізілді.

   Бірінші күні  математика  пәнінің мұғалімі Тоғанбай Арман Сержанұлы  «Представление рационального числа в виде бесконечной десятичной дроби» атты тақырыпта ашық сабақ 6в сыныпқа  өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятты. Сабақ жоспары оқу мақсатына сай жасалған,тапсырмаларда, сабақта қолданған әдіс тәсілдерде сабақ мақсатын ашады. Ашық сабақта әр түрлі платформаларды қолдана отырып, өткізді.Бағалау өте жақсы өткізілді.Оқушылар түгел сабаққа қатысып, есептерді шығарды. Арман  сонымен қатар, 5в,6в,7в сыныптарға  «Математическая викторина» тақырыбында сабақтан тыс сабақ өткізді.Оқушыларға тапсырмалар ойындар арқылы берілді. Оқушылар қызыға орындады. 

24-ші қарашада Серік Ақерке  информатика пәнінен «3D понарама және виртуалды тур» атты ашық сабағын  11а сыныбына өткізді.Сабағы өте жақсы деңгейде өткізді. https://joyteka.com және Prezi.com  программаларын қолдана отырып, сабақ өткізілді. Оқушылар мектептің алдын 3D  понарама түрінде жасауды үйренді.Оқушылар компьютердің алдында отырып, орындады. Мұғалім сабақты бекіту ретінде Квест ойыны ойнатты. Оқушылар қызыға орындады. Кері байланыста оқушылар өздерінін ойларын ашық айтты.

 Математика пәнінен Дарқанқызы Айдана  10 «Б» сыныбына «Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері» атты ашық сабағын өткізді. Оқушылар сабаққа белсене ат салысты. Әр түрлі платформаларды қолдана отырып сабағын өткізді.  Сабақты бекіту Quizizz.com программасы арқылы тест алынды. 

Информатика пәнінің мұғалімі Мырзагулова Үміт және математика пәнінен Орынбаева Раушан апай  8 «А» сыныбына Stem сабақ өткізді. «Квадраттық теңдеуді шешу» деген тақырыпта ашық сабақтары кіріктірілген түрде өтті. Сабақтың тапсырмалары оқу мақсатына сай етіп алынған.Сабақ барысында мұғалімдер өз мақсатына жетті. Сабақ өте қызықты өтті. Сабақтың басында үй тапсырмасын «фонарик» әдісі арқылы басталды.Математикадан оқушылар тақтада есептер шығарса, информатика пәнінен   компьютерде шығарды.  Exsell  программасында оқушылар есеп шығаруды үйренді.

  

Физика пәнінен Орынбетова Айгерім  Серікқызы және математика пәнінен Марат Ермек Ерланұлы  7«А» сыныпқа Stem сабақ өткізді.Кіріктірілген сабақ оқушыларға өте тиімді болды. Сабақтың тапсырмалары  оқу мақсатына сай  құрастырылған.Сабақтың үй тапсырмасы сөзжұмбақ шешумен басталды. Оқушыларға жаңа сабақты ашу мақсатында зертханалық жұмыс көрсетілді. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойларын анық айта білуге мұғалім бағыт бағдар беріп отырды. Оқушылар ашық сабақты өздері ашты. Ашық сабақ әр түрлі платформаларда өткізілді. Сабақ барысында математикадан фигуралар мен жұмыс жасап, есеп шығарса, физикадан зертханалық жұмыс жасады. Сабақты тест арқылы бекітті. Кері байланыс /classroomscreen.com/ программасында өткізілді.

Апталық кезінде жоспарға сай шаралар кейбіреулері болмаса барлығы дерлік өткізілді. Өтілген сабақтардың барлығы талданып, кемшіліктер мен ұсыныстар дер кезінде айтылды.

    Он күндіктің екіншібөлімі бойынша сыныптан тыс шаралар өтілді. Оның ішінде Серік Ақерке және Орынбетова Айгерім «Сократ» интеллектуалды ойынын өткізді. Бұл шараға 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Сыныптан тыс шара 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі логикалық сұрақтар, екінші бөлімі зертханалық жұмыстардан.Соңғы бөлімде квест ойынын ойнады.Оқушылар қызыға орындады тапсырмаларды. Шара біткеннен соң балалар топ топ бойынша марапатталды.Сыйлықтар мен дипломдар берілді.

       Он күндіктің 8күнін оқушыларға арнасақ, бір күнін ұлағатты ұстаздарымызға арнап, семинар ұйымдастырдық. Семинарда спикерлер  бағдарлама бойынша, регламент сақтай отырып сөйледі. Ашық сабақта, сыныптан тыс іс шараларда қолданылған жаңа платформаларды ашып, түсінідіріп берді және сол тапсырмаларды ұстаздарға да орындаттты. Ұстаздар  жаңашыл программаларды өздеріне тәжірибе алмасу ретінде жазып алды. Сонымен қатар, ұстаздардың көңілін көтеру себебімен қазіргі заманға сай  «цветная вечеринка» ұйымдастырған едік. Барлық ұстаздардың басы жиналып, біраз марқайып қалды. Семинар соңында осы он күндікте ат салысқан бірлестік жетекшілеріне Алғыс ретінде Сертификаттар табыс етілді.

     Апталық соңында сыныптан тыс жұмыстарға қатысқан оқушылар мен сыныптарды марапаттап, алғыс айтылды.Стендте қойылған тапсырмаларды орындаған оқушылардың жауаптарын тексере отырып,  балаларды сыйлықтармен марапаттадық. Барлық бала қамтылды. Сонымен қатар, апталығымыздың басында уәде бергендей оқушыларды сертификатпен марапаттадық. Aю Фоод кафесіне бірінші орынды ұтып алған сынып  10 «б» сыныбы  7000 теңгелік сертификат , екінші орын алған   6«а» сыныбы, 3 орынды ұтып алған  9 «в» сыныбы. Бұл ұтысқа ие болған I-ауысымда оқитын оқушылар еді. Аю Фоод кафесі оқушыларға осындай купон ойнатып жатсаңыздар, біздің тарапымыздан тағы бір купон сыйлыққа деп 7590 теңгелік сертификат сыйлады. Оны біздің бірлестік екінші ауысымда оқитын 7 «а»  сыныбына табыс етілді. Барлық шараға жақсы ат салысқандықтан беріліп отыр. Оқушылардың шынайы ризашылығын көру біз үшін жетпес биік болып көрінгендей. Он күндігіміз өте жақсы деңгейде  өтті деп санаймын. 



Ұсыныстар: 

1. Күнделікті сабақта жаңартылған білім бағдарламасының әдіс- тәсілдерін қолдану;

2. Деңгейлік тапсырмалар мен жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар беруді қалыптастыру.

3.Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі іс- шараларды ұйымдастыру.



Бірлестік жетекшісі:                  Орынбетова А.С